Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)

0
114

​Оқиға биыл 5 қыркүйек күні Өзбекстанның Наманган облысында болды.


Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Наманган облысында мемлекеттік балабақшаның қызметкері 5 жасар бүлдіршінді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Gazeta.uz мәліметінше, оқиға биыл 5 қыркүйек күні болған. Туыстарының айтуынша, балабақша қызметкері бес жасар бүлдіршінді бірнеше рет зорлаған. Ол мемлекеттік балабақшада шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Өзбекстанның президент әкімшілігі осы жағдайдан кейін балаларға жасалатын сексуалды әрекетке қатысты жазаны күшейтпек. Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева телеграм каналында жариялады.

«Намангандағы трагедия жайлы естідім. Мұндай адам шошырлық қылмыстың жазасы ретінде, меніңше өлім жазасы қолданылуы керек. Өкінішке қарай, қазіргі заңда ол қарастырылмаған», – деп жазды Мирзиёева.

Ол өз сөзінде күдікті мен осы қылмысты жасауға мүмкіндік берген қызметкерлердің бәрі ең ауыр жазаға тартылады.

«Мұндай қылмысқа қатысты жазаны күшейту туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс әзірлейміз», – дейді Саида Мирзиёева.

Күдік қазіргі уақытта қамауға алынды. Іс жауапты ведомстволардың бақылауында.