Биіктігі 7 метр: Шанхайда Криштиану Роналдудың алып мүсіні пайда болды

0
298

Шанхай қаласында әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға арналған жеті метрлік мүсін орнатылды.


Биіктігі 7 метр: Шанхайда Криштиану Роналдудың алып мүсіні пайда болды

Фото: 1bol.kz

ERNUR.KZ. Ашылу салтанатына спортшының ағасы Угу Авейру мен жақын досы Мигел Пайшау қатысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ескерткіш 41 жастағы Криштиану Роналду Португалия құрамасының жетінші нөмірлі жейдесін киіп, гол соққан кездегі әйгілі "Siuuu" сәтін бейнелеген. Мүсін танымал Шығыс Нанкин жаяу жүргіншілер көшесіндегі жаңа CR7 музейінің жанына орнатылды. Ауданы шамамен 3 мың шаршы метр болатын музей он тақырыптық аймаққа бөлінген. Онда Роналдудың футбол жолымен байланысты астам жәдігерлер – жүлделері, ойын жейделері мен бутсылары қойылған. Көрменің жеке бір бөлігі футболшының балалық шағына арналған.

Шараға футболшының көптеген жанкүйері келді. Алайда Криштиану Роналдудың өзі салтанатты шараға қатысқан жоқ. Оның ағасы Угу Авейру мен жақын досы Мигел Пайшау келген.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, алып мүсін Шанхайда 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін тұрады. Ал музей келушілер үшін бір жыл бойы жұмыс істейтін болады.