Жеткіншек дененің жалпы суықтауы диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
фото: пресс-служба акима Кызылординской области
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда жеткіншек мұз астына түсіп кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оқыс оқиға облыстың Алтай қаласында болған.
"Курчатов көшесі маңындағы батпақты учаскеде 2017 жылы туған кәмелетке толмаған бала мұз астына түсіп кеткен", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар оны судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Жеткіншек дененің жалпы суықтауы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі оның өміріне қауіп жоқ.


