Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір жаңартылды

0
97

Жаңа көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр.


Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір жаңартылды

фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір толық жаңартылды, деп жазады sputnik.kz.
Байғанин ауданының Ащыағыр аумағындағы көпір жақын күндері халық игілігіне беріледі.
Көпір "Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт" бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының 34-шақырымында орналасқан. Ол Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендерін байланыстырады. Аталған үш ауылда жалпы саны 1 700-ден астам тұрғын бар.
"Соңғы үш жылда көктемгі су тасқыны салдарынан ескі көпір бірнеше рет шайылып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасына кедергі келтірген. Бұл әсіресе тұрғындардың күнделікті қатынауына, әлеуметтік нысандарға жетуіне және қажетті қызметтерді алуына қиындық туғызды", - деп жазылған хабарламада.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселені шешу мақсатында бюджет қаражаты бөлініп, 2024 жылы жаңа көпірдің жобалық құжаттамасы әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталды.

Жаңа көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды. Нысан жақын күндері толықтай пайдалануға беріледі.