Башқұртстанда сабақ үстінде порно көрген мұғалім мұны оқыс оқиға деп түсіндірді.
ERNUR.KZ. Ер адам электронды журналға кіргісі келгенін, бірақ басқа сайтқа өтіп кеткенін айтып ақталды, деп жазады Stan.kz.
Нефтекамск қаласының білім бөлімі физика пәнінің мұғалімімен кездесу өткізді. Ұстаз өзінің күнделікті жұмысында пайдаланатын интернет-журналдың сілтемесін басқан кезде экранда әдепсіз суреттер пайда болғанын мәлімдеді.
Мұғалім мұндай жағдайды күтпегенін айтып, таңданысын білдірді. Мектеп әкімшілігі мұғалімнің 40 жылдық еңбек өтілін жоғары бағалап, осы уақытқа дейін оның үстінен бірде-бір шағым түспегенін атап өтті.
Оқиғаға қатысты тағы бір болжам бойынша жетінші сынып оқушылары компьютерге түрлі бағдарламалар орнатып, мұғалімді осындай жағдайға қалдырған болуы мүмкін. Тергеу мақсатында мұғалімнің ноутбугы тәркіленіп, браузердегі кірген сайттары тексеріліп жатыр. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланбақ.