Белгілі болғандай, Beechcraft King Air 350 шағын жеке ұшағы елді мекендерден алыс жерге құлаған.
Сурет: X(Twitter)/@warintel4u
ERNUR.KZ. Филиппиннің оңтүстігінде американдық әскери қызметкер мен Пентагонның үш мердігері қаза тапқан ұшақ апаты болды, деп жазады zakon.kz.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары американдық әскерилер жалдаған ұшақ "Филиппиндік одақтастардың өтініші бойынша" барлауды қолдау миссиясын орындады деп жазады. Оқиғаның себебі, анықталуда.
Белгілі болғандай, Beechcraft King Air 350 шағын жеке ұшағы елді мекендерден алыс жерге құлаған. Оқиға орнына бірінші болып жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары келді, олар ұшақ қалдықтарының астынан қаза тапқандардың денелерін алып шықты.
Филиппиннің авиациялық билігі қайғылы оқиғаны тергеуді бастады.