Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасының әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымындағы кептелістерді азайту және балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерде сабақтың басталу уақытын өзгертуді ұсынып отыр, деп жазады inform.kz.
Мектептерде сабақты 8:00-ден ерте, ал кәсіптік лицейлер мен жоғары оқу орындарында сағат 10:00-де бастау ұсынылып отыр. Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Муниципалитеттің мәліметінше, ішкі көші-қон ағынының көп болуына байланысты қаладағы балалар саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда ел астанасының 103 коммуналдық білім беру мекемесінде 198 129 бала білім алуда, олардың жобалық қуаттылығы ауысымына 89 893 оқушы орнын құрайды.
Бұдан бөлек, Бішкекте 129 кәсіптік білім беру ұйымы бар, оның ішінде 36 жоғары оқу орны, 77 орта кәсіптік оқу орны және 16 кәсіптік лицейде жалпы саны 167 727 оқушы бар.
Әкімдіктің хабарлауынша, қала мектептері оқушыларға толы, жолдар көліктерге шамадан тыс жүктеліп, білім беру ұйымдарында сабақтың басталуы мен аяқталуына сәйкес келетін уақыт аралығында кептеліс орнайды.