Бішкекте шаурмадан уланғандар саны 71 адамға жетті

0
707

Бішкекте Шу даңғылы мен Сүйімбаев көшесінің қиылысында орналасқан фаст-фуд сататын орындарда жаппай улану дерегі тіркелген.


Бішкекте шаурмадан уланғандар саны 71 адамға жетті

ERNUR.KZ. Қырғызстанда фаст-фудтан улананып, зардап шеккендер саны 71 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, деп жазады tengritravel.kz.

Басылым мәліметінше, Бішкекте Шу даңғылы мен Сүйімбаев көшесінің қиылысында орналасқан фаст-фуд сататын орындарда жаппай улану дерегі тіркелген. Уланудың себебі - шаурма.

Ведомство мәліметінше, 36 адам ауруханаға жатқызылған, олардың бесеуі - 10 мен 14 жас аралығындағы балалар.

"Жағдайлары жақсарған сайын кейбіреулері амбулаториялық емге жіберілуі мүмкін", - делінген ведомство мәліметінде.