Цифрлық валютаның құны 11,882 долларға жеткен.
ERNUR.KZ. Қытай валютасының күрт әлсіреуі Bitcoin бағасының көтерілуіне әкеліп соқты. Бірқатар сарапшы осындай пікірде, деп жазады inbusiness.kz.
Соңғы дерек бойынша, цифрлық валютаның құны 11,882 долларға жеткен. Ол бір күн ішінде 8 пайызға өсіп отыр.
Ал Қытай юані 7 пайызға құлдырап, соңғы 11 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен. АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңнің валютаны әлсірету әрекетін сынға алды. Оның ойынша, алдағы уақытта бұл қадам Қытай экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Енді Қытай америкалық тауарларды қымбат бағамен сатып алатын болады. Өйткені юаньнің төменгі бағамы АҚШ экспортерларының жұмысын тежеуі ықтимал.
CNBC телеарнасының дерегінше, қытайлық инвесторлар Bitcoin-ді бағаны сақтау құралы ретінде пайдаланады. Euro Pacific Capital брокерлік компаниясы басшысы: «Алтын – бұл әлдеқайда үлкен нарық, бірақ CNBC эфир уақытын биткоинге көбірек бөледі. Қытайлықтар өз ақшаларын үнемдеу үшін Bitcoin-ді қолданбайды. Алыпсатарлар қытайлықтар не сатып алатынына қарап, сауда жасайды», – деді.
Бұған дейін ол Bitcoin-нің 20000 долларға ешқашан қайта көтерілмейтінін айтқан болатын. Экономистің пікірінше, криптовалюта жоғары құбылмалылыққа байланысты төлем құралы ретінде пайдалануға жарамайды.