Бөксесін үлкейткісі келген блогер отадан кейін қайтыс болды

0
150

Аталған дерек бойынша “Абайсызда өлімге себеп болу” бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.


Бөксесін үлкейткісі келген блогер отадан кейін қайтыс болды

Фото: Іnstagram.com/burtseva_italia

ERNUR.KZ. 38 жастағы италиялық блогер Юлия Бурцева Мәскеудегі Elmas элиталық косметология емханасында отадан кейін қайтыс болды, деп жазады stan.kz.

Юлия Бурцева Самара қаласынан көшіп кетіп, ұзақ уақыт Италияда тұрған. Ол италиялық азаматқа күйеуге шыққан. Бір қызы бар. Блогер Мәскеуге бөксесін үлкейту үшін ұшып келген.

4 қаңтар күні күндіз науқастың комаға түскені белгілі болды. Науқаста анафилактикалық шок болып, ол ауыр халде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, әйелді аман алып қала алмады. Аталған дерек бойынша “Абайсызда өлімге себеп болу” бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.