Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада әуежай аймағындағы қалың түтін көрінеді.
Фото: Видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Лондонға рейс жасаған Air India әуекомпаниясының лайнері әуежайдың жанындағы Ахмедабад қаласының маңында апатқа ұшырады, деп жазады inform.kz.
Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, ұшақ ұша алмаған. Бортта шамамен 130-дан 240 адамға дейін болған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабарланбады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада әуежай аймағындағы қалың түтін көрінеді. Сондай-ақ, адамдарды зембілмен және жедел жәрдем көлігімен алып бара жатқан кадрлар жарияланды.