Бөтен әйелге 5 секундтан артық қараған азаматтар жазаланатын болады

0
1 050

Ол жыныстық сипаттағы құмартушылық, емініп-дәмелену ретінде бағаланатын болады.


Бөтен әйелге 5 секундтан артық қараған азаматтар жазаланатын болады

ERNUR.KZ. Монғолияда Мемлекеттік қызметші тәртібі Кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға қызық өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды ktk.kz.

Енді бұл елде бөтен әйелге 5 секундтан артық қарауға болмайды, ол жыныстық сипаттағы құмартушылық, емініп-дәмелену ретінде бағаланатын болады. Сондай-ақ енді монғол мемле­кеттік қызметшілері ұшақта бизнес-класс қызметін пайдалана алмайды. Оларға қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға да тыйым салынды. Оған қоса мемлекеттік қызметшілерге енді бағасы өзінің айлық жалақысынан қымбат шығатын сыйлық алуға да болмайды.

Осының бәрінің туындауына елдің Конституциялық Сот төрағасы Дорж Одбаяр кінәлі болып қалды. Ол таяу­да бір қызметкерімен бірге Оңтүстік Кореяға барған екен. Сонда ұшақта мас күйде болып, кореялық стюардессаның бөксесіне қол жүгірткен. Ал жанындағы серігі екінші бой­жеткеннің иығына асылған екен. Инчхон қаласына барып жеткен бетте полиция екеуін де қамауға алған. Сосын біраздан соң босатқан. Арада көп уақыт өтпей бұл Монғолия үкіметіне белгілі болды. Енді кінәлі азаматтар­ға тиісті жаза қолданылуы мүмкін.