LATAM әуекомпаниясына тиесілі Airbus A320 бортына жүзден астам жолаушы болған.
Фото: TV Globo
ERNUR.KZ. Бразилияның Гуарульюс қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағында жолаушылар тасымалдайтын ұшақ өртке оранды, деп жазады stan.kz.
LATAM әуекомпаниясына тиесілі Airbus A320 бортына жүзден астам жолаушы болған. Ұшақ Порту-Алегри қаласына ұшуы тиіс еді. Алайда жолаушылар мінген бойда оларды борттан түсуге шақырған.
LATAM өкілдерінің айтуынша, ұшақтағы жабдықтардың бірі өртеніп, содан шыққан түтін қауіпсіздік жүйелерін іске қосқан. Жолаушылар телетрап және авариялық үрленетін трап арқылы эвакуацияланды.
Өрттің нақты себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Airbus мыңдаған әуе кемесінде аспаптық қате бар екенін мәлімдеген еді. Бұл рейстердің кешігуі мен тоқтатылуына әкелуі мүмкін екені айтылған.


