Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады

0
130

Су тасқыны нөсер жаңбыр салдарынан болған.


Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады

ERNUR.KZ. Бразилияда нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқыны кезінде қаза тапқандар саны 68 адамға дейін өсті, деп жазады BAQ.KZ.

Минас-Жерайс штатының өрт сөндіру қызметі Жуис-ди-Фора және Уба қалаларындағы су тасқынынан кейін жаңа мәйіттердің табылғанын мәлімдеді. Ведомство дерегіне сәйкес, Жуис-ди-Форада 62 адам, ал Уба қаласында алты адам қаза тапқан.

Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен бес адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Табиғи апаттарды мониторингтеу және ескерту жөніндегі ұлттық орталық (Cemaden) жауын-шашынның жалғасуы мүмкін екенін айтып, жаңа су тасқыны мен кенеттен болатын сел қаупі сақталып отырғанын ескертті.

Штат билігі мен федералдық үкімет зардап шеккен аймақтарға азаматтық қорғаныс күштерін, қауіпсіздік қызметкерлерін және медицина мамандарын жіберді.

Бұған дейін президент Луис Инасиу Лула да Силваның әкімшілігі баспанасыз қалған тұрғындарға көмек көрсету үшін муниципалитеттерге қосымша қолдау пакеті бөлінетінін жариялаған болатын.