Бүгін Әзербайжандағы мектептерде «Соңғы қоңырау» соғылады

0
220

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны 1 млн 706 мың 935 адамды құрады.


Бүгін Әзербайжандағы мектептерде «Соңғы қоңырау» соғылады

ERNUR.KZ. Әзербайжандағы білім ошақтарында бүгін «Соңғы қоңырау» соғылады. Биыл республикада 11 сыныпты 102 мың 120 оқушы бітіруде, деп жазады inform.kz.

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны 1 млн 706 мың 935 адамды құрады.

Биылғы оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарында 9-сыныпты 150 мың 445 оқушы бітірді. 1-сыныпты 137 мың 862 оқушы аяқтады.

Баку қалалық білім басқармасына (УББ) қарасты мектептердің 11-сыныбын 28 993 адам, 12-сыныпты 125 оқушы (күндізгі және сырттай орта және сырттай оқу) бітірді.

Ел астанасында 42 мың 70 оқушы 1-сыныпты тәмамдады.

Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 505 мың 372 оқушы білім алды. Басқарма жанындағы жалпы білім беретін мектептерде 29 мың 767 мұғалім жұмыс істейді.