Бұған АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясы себеп.
Фото: "Анадолы" агенттігі
ERNUR.KZ. Халықаралық қауымдастық оңтүстік америкалық елдегі тұрақсыз ахуалға алаңдаулы, деп жазады inbusiness.kz.
Айта кетейік, Америка Құрама Штаттардың қарулы күштері, Каракасқа басып кіріп, Николас Мадуро мен оның әйелін тұтқындап, Нью-Йорктегі есірткімен қарсы күрес жөніндегі басқарма ғимаратына жеткізді.
Соңғы мәліметке қарағанда, Мадуроға қатысты сот 5 қаңтарда өтуі мүмкін. Ол есірткі саудасымен айналысты деп айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазір Венесуэлада уақытша президент тағайындалды. Мемлекет басшысы міндетін атқару вице-президент Делси Родригеске тапсырылды. Тиісті шешімді Венесуэла Жоғарғы соты қабылдады.


