Бүгін күн тұтылады: Астрономиялық құбылыстың қандай әсері бар?

0
1 685

Астроном мамандар бұл құбылысты қалай көруге болатынын мәлімдеді.


Бүгін күн тұтылады: Астрономиялық құбылыстың қандай әсері бар?

ERNUR.KZ. Бүгін түнде сирек астрономиялық құбылыс - Күннің тұтылуы болады, деп жазады Qamshy.kz.

Өкінішке қарай, қазақстандықтар Күннің тұтылуын тамашалай алмайды, бірақ онлайн-трансляция арқылы көру мүмкіндіктері бар.

Күн тұтылу 4,5 минутқа созылады. Толық фазаның ұзақтығы 33 секундқа созылады. Күн тұтылудың ең жақсы көрінетін кезеңі Мәскеу уақыты бойынша сағат 22:23-те. ал Қазақстанда 3 шілде түнгі 01:24-те Күн толығымен тұтылады. Айта кетсек, бұл сирек кездесетін құбылыс.

Құбылысты Чили мен Аргентина елдерінің тұрғындары ғана тамашалай алады екен. Тынық мұхиты жақта басталатын тұтылу Чили мен Аргентина тұрғындарына байқалады. Эквадор, Бразилия, Уругвай және Парагвайда, сандай-ақ, Тынық мұхитының кейбір аралында жартылай көрінеді.

Әлбетте Күннің тұтылуы кейбір адамдардың психологиялық жағдайына әсер етпей қоймайды. Бұл күні басыңыз ауырып, мазаңыз қашуы мүмкін. Адамдардың бойын үрей билейді, күмәншіл болып, тынышсыздана бастайды.

Дәл осындай астрономиялық құбылыс кезінде адамдар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары артатыны анықталған.