​ChatGPT ер адамның анасын өлтіріп, өзіне-өзі қол салуға итермелеген болуы мүмкін – WSJ

0
206

Полиция Эрик пен оның анасын 2025 жылғы тамыз айының басында өлі күйінде тапты.


​ChatGPT ер адамның анасын өлтіріп, өзіне-өзі қол салуға итермелеген болуы мүмкін – WSJ

Фото: Zuma/ТАСС

ERNUR.KZ. АҚШ-та ChatGPT жасанды интеллекті бұрынғы Yahoo қызметкерін анасын өлтіріп, артынша өзін-өзі өлтіруге итермелеген болуы мүмкін, деп жазады kaz.inform.kz.

Басылымның мәліметінше, 56 жастағы Эрик Сольберг паранойядан зардап шеккен. Ол өзін үнемі технологиялар арқылы аңдып жүр деп ойлаған, тіпті оны қарт анасы да бақылайды деп сенген. Эрик бұл күмәндерін чат-ботпен бөліскен, ал ChatGPT оның ақыл-есі дұрыс екенін айтып, оның ойларымен келіскен.

Полиция Эрик пен оның анасын 2025 жылғы тамыз айының басында өлі күйінде тапты.

ChatGPT-ті жасаған OpenAI компаниясы марқұмның отбасына көңіл айтты. Ресми мәлімдемеде компания психологиялық қиындықтарға тап болған қолданушылармен чат-боттың диалог жүргізу алгоритмдерін өзгертуге уәде берді.

Бұған дейін АҚШ-та бір жасөспірім ChatGPT-мен өз-өзіне қол жұмсау туралы бірнеше ай сөйлескеннен кейін суицид жасаған. Кейін оның ата-анасы OpenAI мен компанияның бас директоры Сэм Альтманға қарсы сотқа арыз берген.

Искте жасөспірімнің өліміне ChatGPT-мен ұзақ уақыт жүргізілген диалог себеп болғаны айтылған.

OpenAI жасөспірімнің отбасысына да көңіл айтып, ата-аналық бақылау және жаңа қауіпсіздік шараларын енгізетінін мәлімдеген.