Жергілікті билік цунами қаупіне байланысты жағалау аймақтарынан шұғыл эвакуация жариялады.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Чилиде 7,4 баллдық жойқын жер сілкінісі болды, деп жазады Stan.kz
Чилидің ұлттық сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен 08:58-де (Астана уақытымен 17:58-де) Пуэрто-Уильямс қаласынан 218 шақырым қашықтықта тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жергілікті билік цунами қаупіне байланысты жағалау аймақтарынан шұғыл эвакуация жариялады. Тұрғындарға жағажай аумағынан дереу кетіп, қауіпсіз жерлерге көшу ұсынылды.
Чили президенті Габриэль Боричтің айтуынша, цунами қаупі туралы ескерту эпицентрден шамамен 300 шақырым радиустағы жағалау аймақтарына таратылады. Ол жағдайға әрекет ету үшін барлық қажетті ресурстар жұмылдырылғанын атап өтті.
АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметінің Тынық мұхитындағы цунами туралы ескерту орталығы да бірқатар қауіпті толқындардың пайда болу ықтималдығы бар екенін хабарлады.