Cицилияда Этна жанартауы оянды

0
525

Сицилияның шығыс жағалауында, Мессина мен Катания қалаларының маңында орналасқан Этна жанартауы маусым айының соңынан бері қайтадан белсенділік танытып келеді.


Cицилияда Этна жанартауы оянды

фото: report

ERNUR.KZ. Жанартау күлінің ауаға таралуына байланысты келетін рейстер уақытша қабылданбай жатыр, деп жазады baq.kz.

Италия билігі Сицилия аралындағы Катания әуежайының жұмысына Этна жанартауының кезекті рет белсенділігі күшеюіне байланысты уақытша шектеу енгізді. Осыған байланысты әуежай келетін рейстерді қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды италиялық бұқаралық ақпарат құралдары.

Қолда бар мәліметке сәйкес, бұл шектеулер уақытша сипатқа ие және кешке қарай қайта қаралуы мүмкін. Ал Катания әуежайынан ұшатын рейстер әзірге қалыпты режимде орындалып жатыр.

Сицилияның шығыс жағалауында, Мессина мен Катания қалаларының маңында орналасқан Этна жанартауы маусым айының соңынан бері қайтадан белсенділік танытып келеді.

Италиялық мамандардың мәліметінше, 5 шілде күні таңертең жанартау шамамен 1,5 шақырым биіктікке күл бағанын атқылаған. Билік өкілдері жағдайды жіті бақылап, атқылаудың өңірдегі әуе қатынасына ықтимал әсерін бағалап жатыр.