Дағыстанда жанармай құю бекеті жарылып 11 адам қаза тапты

0
233

Дағыстанда 28 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды.


Дағыстанда жанармай құю бекеті жарылып 11 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Дағыстанда жанармай құю бекеті жарылу кезінде қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп жазады sputnik.kz.

27 қыркүйекте Дағыстан астанасы Махачкала маңында жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 500 шаршы аумақта өрт болған. Жанармай құю станциясының ғимараты қираған. Техстанция мен асхана жанып, екі жеңіл көлік пен жүк көлігі зақымдалған.
Тергеу комитеті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дағыстан үкіметі 28 қыркүйекті аза тұту күні деп жариялады.