Дәл артында мемлекеттік төңкеріс болып жатқанын байқамаған блогер қызу талқыға түсті (видео)

0
2 493

Дене шынықтырудан сабақ беретін блогер Кхинг Хнин Вай Мьянманың астанасында кезекті бейнесабағын жазуды ұйғарады.


Дәл артында мемлекеттік төңкеріс болып жатқанын байқамаған блогер қызу талқыға түсті (видео)

ERNUR.KZ. Мьянмада аэробика жаттықтырушысы әрі блогер дәл артында мемлекеттік төңкеріс болып жатқанын байқамастан, видеосабақ жүргізгеннен кейін ерекше танымалдыққа ие болды, деп жазады nur.kz.

Дене шынықтырудан сабақ беретін блогер Кхинг Хнин Вай Мьянманың астанасында кезекті бейнесабағын жазуды ұйғарады.

Ол әдеттегідей жаттығуларын видеоға түсіріп жүрген алаңға барып, видоесабақ жүргізе бастайды. Кхинг сол күні мүлде жаңалықтар оқымағанын және мемлекеттік төңкеріс болатынынан бейхабар болғанын айтуда.


"Жаңалықтарды естіместен, өзімнің әдеттегі тіршіліктеріммен айналысып жүрген едім", - дейді ол.


Нәтижесінде әйелдің видеосы әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинап, қызу талқыға түскен.

Видеодан блок-бекеттерде әскери қызметкерлердің тұрғанын, ал тас жолдың бойында полиция көліктерін байқауға болады.

Блогер көңілді әуен қосып, жаттығуларды орындап жатқанда, парламентке әскерилер бет алады. Желі қолданушылары бұл видео көпшіліктің 2021 жылдағы көңіл-күйін айқын сипаттайтынын жарыса жазуда.

Еске салсақ, 1 ақпанда Мьянмада мемлекеттік төңкеріс болған еді. Әскерилер парламенттік сайлаудан кейін президент Вин Мьин мен билеуші "Ұлттық Демократия Лигасы" партиясының жетекшісі Аун Сан Су Чжиді ұстады.

Елде бір жылға төтенше жағдай жарияланып, билік мемлекеттің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Мин Аун Хлаинудің қолына өтті.