​Данияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынады

0
156

Зерттеулерге сәйкес, дат балалары әлеуметтік желілерде күніне орта есеппен 2 сағат 40 минут уақыт өткізеді.


​Данияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынады

Фото: Pexel

ERNUR.KZ. Данияда ел үкіметі әлеуметтік желілерді пайдалану үшін жас шектеуін енгізуді ұсынды, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Әлеуметтік желілер деп аталатын бұл платформалар балаларымыздың уақытын, балалық шағын және амандығын ұрлау арқылы өркендеп келеді. Біз бұған нүкте қоямыз “, — деді Данияның цифрландыру істері жөніндегі министрі Каролин Стейдж Олсен.
Мұндай мәлімдеме премьер-министр Метте Фредериксеннің балалардың психикалық саулығына алаңдап, әлеуметтік желіге жас шектеу енгізу жөніндегі үндеуінен кейін жасалды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, парламенттегі көпшілік партиялар бұл бастаманы қолдауға ниетті.

Жаңа ереже бойынша, ата-аналар 13 жасқа толған балаларға кейбір онлайн-платформаларға кіруге рұқсат бере алады.

Данияда балалар арасында ең танымал әлеуметтік желілер — Snapchat, YouTube, Instagram және TikTok.

Зерттеулерге сәйкес, дат балалары әлеуметтік желілерде күніне орта есеппен 2 сағат 40 минут уақыт өткізеді.