"Reuters" агенттігінің хабарлауынша, депутаттар бұл құжатты елдің қауіпсіздігіне алаңдағандықтан мақұлдаған.
ERNUR.KZ. Дания парламенті Құранды өртеуге тыйым салатын заң қабылдады. Оны бұзғандар айыппұл төлейді немесе екі жылға сотталады, деп жазады zakon.kz.
"Reuters" агенттігінің хабарлауынша, депутаттар бұл құжатты елдің қауіпсіздігіне алаңдағандықтан мақұлдаған.
Айта кетсек, исламның қасиетті кітабын қорлау оқиғалары кейінгі кездері мұсылман мемлекеттерінің скандинавиялық елдерге наразылығын күшейтіп отыр.
Құран көшірмелері биыл Дания мен Швецияда бірнеше рет жағылды. Бұл әрекет күллі мұсылман қауымының наразылығын тудырды.
Осыған орай, Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құран мен басқа да діни кітаптарды вандализмНен қорғау қажеттігін айтып, халықаралық қоғамдастықта пікір білдірген болатын.