​Дәрігер қателесіп әйелдің сау бүйрегін кесіп алып тастаған

0
2 045

51 жастағы әйелдің омыртқасына ота жасалуы тиіс болатын.


​Дәрігер қателесіп әйелдің сау бүйрегін кесіп алып тастаған

ERNUR.KZ. Дәрігер арқасының ауыратынына шағым айтып ауруханаға жатқан әйелдің сау бүйрегін қатерлі ісік деп ойлап, кесіп алып тастаған, деп жазады life.ru.

АҚШ-тың Флорида штатында тұратын 51 жастағы әйел дәрігер кесіп алып тастаған бүйрегінің сау екені анықталған оны сотқа берген. Морин Пачеко есімді әйелдің омыртқасына ота жасалуы тиіс болатын. Алайда дәрігер орны толмас қателік жасап, оның сау бүйрегін қатерлі ісік деп ойлаған.

«Қатерлі ісік» алынып тасталған соң оянған әйел дәрігердің қателескенін біледі. Ауруханаға жатпас бұрын ол жол апатына түсіп, салдарынан арқасы ауыра берген екен.

Рамон Васкес есімді хирург әріптестері қиын отаны жасау үшін әйелдің арқасынан тілік жасауы тиіс болған.

Тексеру кезінде Васкестің өздігінен диагноз қойғаны анықталды. Отадан соң бір ай өткенде паталоганатом кесіп тасталған бүйректің сау екенін анықтаған.

Енді хирург медициналық лицензиясынан айырылып, қосымша бірнеше айыппұл төлеуі мүмкін.