Дәрігер омикрон штамының ерекшеліктерін атады

0
680

Оның айтуынша, COVID-19-дың басқа штамдарынан айырмашылығы омикрон жұқтырғандарда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі.


Дәрігер омикрон штамының ерекшеліктерін атады

ERNUR.KZ. Ресейлік иммунолог Владимир Болибок омикрон штамының ерекше белгілерін атады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, COVID-19-дың басқа штамдарынан айырмашылығы омикрон жұқтырғандарда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі.

"Бұл плевраға әсер ететін пневмонияға шалдыққандарға тән болды. Омикрон да пневмония туындатуы мүмкін. Адамдар бұл пневмония салдарынан ауыр жағдайда қайтыс болады, бірақ оларда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі", - деді Болибок "Москва 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол омикрон штамына тән белгілерді атады.

"Омикрон штамының белгісі - қатты тамақ ауруы, мұрын бітелуі, құрғақ жөтел. Оған қоса температура көтерілуі, қатты әлсіздік пен бас ауруы қосылады", - деп түсіндірді Болибок.

Сондай-ақ, ол осы штамды жұқтырған кезде иіс сезу қабілеті жоғалуы мүмкін екенін, бірақ бұл симптом адам сауыға бастағанда болатынын айтты.