Депутат Қырғызстанды Қазақстанның құжатын көшірді деп айыптады

0
856

Әлеуметтік желі қолданушылары шенеуніктер тек көшіріп жазғаны үшін ғана жалақы алып отырғанын айтып, шағымданды.


Депутат Қырғызстанды Қазақстанның құжатын көшірді деп айыптады

ERNUR.KZ. Қырғыз елінің халық қалаулысы үкіметтегілерді Қазақстанда қабылданған қаулыны көшіріп алған деп айыптады. Бұл құжатта COVID-19 вирусының таралуына байланысты ТЖ режимін енгізу туралы жазылған, деп жазады Nur.kz.

Депутат Каныбек Иманалиев қырғыз үкіметіне көрші елдің құжатын көшірді деп айып тақты. Ол құжатта елде машина жасау мен құрал жасау саласын өз жұмысын бастайтыны жайлы жазылған жолдарды мысалға алды. Қырғыз елінің депутаты республикада мұндай өнеркәсіп саласы жоқ екенін еске салды.

Абай Шерик есімді Twitter қолданушысы да әлеуметтік желіде қатесі бар фото жарилаған. Қолданушы шенеуніктер тек көшіріп жазғаны үшін ғана жалақы алып отырғанын айтып, шағымданды.

Осы арада, Қырғыз билігі Қазақстанның құжатын көшіріп алғаны жайлы ақпараттың жалған екенін алға тартқан. Қате кетуінің себебін Google translate мәтін аудармасынан көрді, үкіметтегілердің айтуынша, сервис кейде "Кыргыз Республикасы" дегенді "Республика Казахстан" деп аударады екен.