​Дін туралы заңға өзгертулер енгізіледі

0
1 753

Мешіт пен шіркеуге балалар ата-аналарымен ғана барады, намазханалар тіркеуге алынады, ал діни білімге мектеп пәндері қосылады.


​Дін туралы заңға өзгертулер енгізіледі

фото: zhaikpress.kz

Қырғызстан дін туралы заңды өзгертіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанда дінге бет бұрғындар саны көбейіп келеді, ал дін туралы заңға он жыл бойы өзгеріс енгізілмеген. Сол себепті дінтанушылар төрт жыл бойы заңгерлермен бірге жаңа заң жобасын дайындады.

Заңдағы негізгі өзгертулер кәмелет жасқа толмағандарға қатысты болады. Заңның осы нұсқасы қабылданған жағдайда, балалар діни ұйымдардың жұмысына қайтыса алмайтын болады. Шіркеулер мен мешіттерге олар ата-аналарымен бірге баруы тиіс.

"Бұл ретте біз діни ұйымдарға жауапкершілік жүктейміз. Егер кәмелет жасқа толмаған бала келетін болса, ұйым оның ата-анасы рұқсат бергенін нақтылауы керек. Ата-аналар да баласы үшін жауапты болуы керек. Кейде оқушылар діни рәсімдерге қатысу үшін сабақтан қашып кетіп жатады", - деді Қырғызстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы директорының орынбасары Закир Чотаев.

Бұған қоса барлық діни оқу мекемелері лицензия немесе куәлік алуы тиіс. Заң аясында жұмыс істеу үшін мұндай мекемелер оқу жоспарын қайта қарауы керек болады.

Қырғыз парламенті дін туралы заң жобасын қыркүйекке қарай бастайды.