Uzbekistan Airways компаниясынан мәлім еткендей, кеше түнде дрон шабуылына байланысты Ресейдің бірқатар әуежайы жұмысын тоқтатты.
Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі
ERNUR.KZ. Күшейтілген қауіпсіздік шараларына байланысты Ресей тарапы өзбекстандық ұшақтарды қабылдауды кейінге шегерді, деп жазады inform.kz.
Uzbekistan Airways компаниясынан мәлім еткендей, кеше түнде дрон шабуылына байланысты Ресейдің бірқатар әуежайы жұмысын тоқтатты. Тиісінше, өзбекстандық ұшақтардың рейсі кешігіп жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәскеу, Владикавказ, Грозный, Магас және Махачкала әуежайларындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Сәйкесінше, Қаршы-Мәскеу рейсін орындаған ұшақ Новгородтағы қосалқы әуежайға бағытталды. Сондай-ақ, Мәскеу — Самарқанд, Мәскеу — Ферғана, Ташкент — Махачкала — Ташкент, Ташкент — Грозный — Ташкент рейстері кешігеді.


