Дубайда зәулім ғимараттардың біріне дрон құлады

0
96

Алдын ала мәліметтер бойынша, ирандық дрон Address Creek Harbour тұрғын үй кешеніне соғылған.


Дубайда зәулім ғимараттардың біріне дрон құлады

Сурет: Х/DXBMediaOffice

ERNUR.KZ. Дубайда дрон зәулім тұрғын үйге құлап түсті, деп жазады zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ирандық дрон Address Creek Harbour тұрғын үй кешеніне соғылған. Ғимараттың 57-қабаты қатты зақымданған, ал жалпы ғимаратта 66 қабат бар.

Жақын маңда бес жұлдызды Address Hotels қонақүйі орналасқан. Бұл нысандар Дубайдағы элиталы аудандардың бірі – Dubai Creek Harbour аумағында тұр.

فيديو – مسيّرة تستهدف برج "Creek Harbor" في #دبي pic.twitter.com/o7Pg7Yg4br
— kataeb.org (@kataeb_Ar) March 11, 2026

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнында төтенше қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Dubai Media Office өкілдерінің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғимараттағы адамдарды эвакуациялау шаралары жүргізіліп жатыр.