​Дубайдағы АҚШ консулдығы маңынан өрт шықты

0
72

Өрт дипломатиялық өкілдік маңындағы ұшқышсыз ұшақтың соққысынан шыққан.


​Дубайдағы АҚШ консулдығы маңынан өрт шықты

Фото: Report

ERNUR.KZ. Дубайдағы АҚШ консулдығы маңында тұтанған өрт ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы ең алдымен Дубай үкіметінің баспасөз қызметі X басылымында жарияланған.

Мәлімдемеге сәйкес, өрт дипломатиялық өкілдік маңындағы ұшқышсыз ұшақтың соққысынан шыққан.
— Өрт сәтті ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 1 наурыз күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Джебель-Али портындағы айлақтардың біріне құлаған зымыранның қалдықтарынан өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Сол күні Дубай әуежайына да шабуыл жасалды.