Өрт кезінде шыққан түтіннен уланған 17 адам ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Түркияның оңтүстік-шығысындағы 13 қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде екі бала бар. Бұл туралы Ankara Nethaber басылымы жарилады, деп жазады baq.kz.
Өрт кезінде шыққан түтіннен уланған 17 адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында балалар да бар. Құтқару жұмыстарына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Кейбір тұрғындар шұғыл эвакуацияланды, қалғандары арнайы көтергіш құралдардың көмегімен құтқарылды.
Қазіргі уақытта өрт бақылауға алынып, оқиға орнында тергеу жұмыстары басталды. Үйдің айналасы қоршауға алынды, өрттің шығу себептері анықталуда.