Ресейлік басылымдардың мәліметінше, жасөспірім жуынатын бөлмеге кіріп кетіп, ұзақ уақыт бойы шықпаған.
ERNUR.KZ. Ресейде электронды темекі шеккен соң оқушының жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған. 17 жастағы қыз Улан-Уде қаласында көз жұмған, деп жазады Stan.kz.
Ресейлік басылымдардың мәліметінше, жасөспірім жуынатын бөлмеге кіріп кетіп, ұзақ уақыт бойы шықпаған. Алаңдаған туысы есікті бұзып кіргенде оқушы ес-түссіз еденде жатқан екен.
Жанынан телефон мен электронды темекі табылған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері электронды темекі шегуге арналған тағы екі құрылғыys көрген. Тәркіленген заттар зерттеуге жіберілді. Қыздың өліміне нақты не себеп болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ.