Бұған қоса билік велосипедке ескерткіш орнатуды көздеп отыр.
ERNUR.KZ.Қала мәртебесі бар аудан орталықтарында жергілікті велосипедшілерден жүргізу куәлігін, техникалық төлқұжатын және нөмір белгісін талап етіп жатыр, деп жазады centralasian.org сайты.
"Талап етілген құжаттар жоқ болған жағдайда, тұрғындарға 800-ден 2000 манат (шамамен 300 доллар) айыппұл салынады", - делінген хабарламада.
Жергілікті велосипедшілердің айтуынша, қазір аймақта велосипед жүргізу куәлігінің құны 1500-2000 манат тұрады.
Полиция қызметкері ненің негізінде велосипедшілерге айыппұл салынатынын түсіндірмеді. Азатлык радиосы Дашоғыздың құқыққорғау органдарынан ресми жауап ала алмады.
Ашхабадтағы шолушы Аманмырат Бугаевтың айтуынша, велосипедті жүргізу құқықтарын астанада талап етпейді.
Түркіменстанда велосипед мемлекет көлемінде насихатталып келеді. Биыл Түркіменстанда алғаш рет мемлекет көлемінде Велосипед күні атап өтілді. Бұған қоса билік велосипедке ескерткіш орнатуды көздеп отыр.
Соған қарамастан елде велосипед жүргізуге астананың өзінде жағдай жасалмаған. Көшелерде велосипед жолдары мен тұрақтары жоқ.