Ер адам қателесіп әйелінің жалаңаш түскен суретін туыстары мен достарына жіберген

0
2 785

Форумда қолданушы жазба жариялап, әйелімен бірге Гаваий аралында болғанын айтады.


Ер адам қателесіп әйелінің жалаңаш түскен суретін туыстары мен достарына жіберген

ERNUR.KZ. Reddit қолданушысы әйелінің жалаңаш түскен суретін қателесіп туыстары мен достарына жіберген, деп жазады Stan.kz

Форумда қолданушы жазба жариялап, әйелімен бірге Гаваий аралында болғанын айтады. Жақындарына саяхат кезінде түсірілген суреттерді көрсетпек болған ол суреттерін бұлтты сақтауға жүктеп, сілтеме арқылы барлығына жолдаған.

Алайда кейінірек ер адам мұнда әйелінің жалаңаш түскен суреттері қосылып кеткенін байқаған.

Форум қолданушысы қателескенін тек 36 сағаттан соң біліпті. Бұл кезде суреттерді барлығы көріп үлгерген.

"Өзімді ақымақ сезініп тұрмын, барлығынан кешірім сұрадым. Бірнеше адам мұны әдейі жасады деп ойлаған", – дейді ол.

Ал өзге қолданушылар ер адамға бұған қатысты уайымдамау керегін айтқан.