Фото: РЕН ТВ
ERNUR.KZ. Ресейдің Түмен қаласында ер адам балалардың көз алдында қыз баланы подъезге күштеп кіргізіп, оған қатысты зорлық әрекетін жасауға тырысқан, деп жазады Ulysmedia.kz.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда балалар күдіктіні тоқтатуға тырысқаны көрінеді, алайда ер адам олардың әрекетіне мән бермеген. Қыз бала оның жолын бөгеп, ал ұл бала есікті ұстап тұрып, көмек шақырған.
КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Қайғылы жағдайдың алдын әйел адам дер кезінде араласып, шабуылдаушыны үркітіп жіберген. Ол қыз баланы подъезден алып шыққан.
РЕН ТВ дерегіне сәйкес, күдіктінің аты Алексей, жасы 44-де. Қазіргі уақытта ол ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалған.


