Ердоған Түркия халқының атынан Тоқаевқа алғыс айтты

0
2 901

Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті.


Ердоған Түркия халқының атынан Тоқаевқа алғыс айтты
Режеп Таийп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасапТүркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өзінің хатында Түркияның Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.

" Осындай табиғи апат кезінде достас елдердің жанымыздан табылуы қиындыққа қарсы тұруға күш береді. Қазақстанның берген жәрдемі жер сілкінісінің ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды. Еліңіздің іздестіру-құтқару тобы үйінді астында қалған адамдарды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерік-жігер танытқанын әрдайым ризашылықпен еске аламыз", – деп жазылған алғыс хатта.