Ереван маңындағы газ құю станциясында үлкен жарылыс болды

0
275

Зардап шеккендер бар.


Ереван маңындағы газ құю станциясында үлкен жарылыс болды

ERNUR.KZ. 6 маусымда Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисян Facebook-те Ереван-Севан жолындағы газ құю станциясы жарылып, жарылыс салдарынан өрт шыққанын айтты. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер бар, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, оқиға орнына Ереван ІІМ сегіз өрт сөндіру жасағы кеткен. Зардап шеккендер мен зақымданулар туралы ақпарат берілмеді.

"Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер бар. Қазіргі уақытта жарылыс орнында өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында ТЖМ-нің 12 өрт сөндіру құрылымы бар. Жұмысты құтқару қызметінің директоры-ІІМ басшысының орынбасары Камо Цуцулян үйлестіреді", - делінген хабарламада.