Ереванда полиция оппозициялық митингке қатысқандарды ұстай бастады

0
637

Ереуілдер 1 мамырдан бері жалғасуда.


Ереванда полиция оппозициялық митингке қатысқандарды ұстай бастады

ERNUR.KZ. Армения полициясының арнайы бөлімшелері Ереван қаласында премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп оппозициялық автошеруге қатысқан 20-дан астам адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz.

"Полицияның заңды талаптарын орындамаған 21 азамат учаскелерге жеткізілді", – деді жергілікті полиция өкілі.

16 мамырда полиция наразылық білдірушілерді кептеліс жасамай, көлікті тезірек жүргізуге шақырды. Алайда автошеруге қатысушылар нұсқаулықты елемеді. Артынан полиция көліктерді тоқтатып, жүргізушілерді қамауға ала бастады.

1 мамырдан бері Арменияда "Армения" блогы, Республикалық партия, "Дашнакцутюн" және "Отан" партиялары бірлесе оппозициялық күштердің ауқымды наразылық акциясын ұйымдастыруда. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, Пашинян Әзірбайжанмен келісімге келіп, Таулы Қарабақты оның бір бөлігі деп мойындамақ.