Әзірге 8 құрбанның жеке тұлғасы анықталмаған.
ERNUR.KZ. Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығындағы жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 14-ке жетті. Тағы 61 адам түрлі жарақат алған, деп жазады Stan.kz
"Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 14 мәйіт табылды", - делінген Армения төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Әзірге 8 құрбанның жеке тұлғасы анықталмаған.
Ведомство өкілдері келтірген мәліметке сәйкес, 911 құтқару қызметіне түскен қоңыраулар бойынша із-түссіз жоғалғандар саны 18-ге жетуі мүмкін. Олардың арасында ресейлік әйел мен Иран азаматы бар.
Айта кетейік, "Сурмалу" сауда орталығындағы жарылыс 14 тамызда күндіз болған. Ереван мэрииінің мәліметінше, пиротехникалық материалдар қоймасы жарылған.