Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік Азия, АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың шығысындағы тұрғындар күннің жартылай тұтылуын көре алады.
Фото: Canva
ERNUR.KZ. Сенбі күні Еуропаның, Батыс Африканың және Солтүстік Азияның тұрғындары күннің жартылай тұтылуын көре алады, деп жазады inform.kz.
Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік Азия, АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың шығысындағы тұрғындар күннің жартылай тұтылуын көре алады. Айдың көлеңкесі Күнді жартылай ғана жауып, ол жарты ай тәрізді көрінеді.
Солтүстік және Оңтүстік Американың басым бөлігінде тұтылу таң ата болады. Батыс Еуропа мен Африкада — таңертең, ал Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияда — түстен кейін болады.
Монреаль планетарийінің өкілі Ауриан Эгал: «Тұтылу — бұл Күн мен Айдың сондай-ақ Жер көлеңкесі мен жарықтың ойыны», — деп түсіндіреді.
NASA мәліметінше, Күн мен Айдың тұтылуы жылына төр пен жеті рет аралығында болады. Айдың Жерге қатысты орбитасының қисаюына байланысты бұл табиғат құбылыстары әдетте жұп болып келеді. Мысалы, наурыз айының ортасында Айдың толық тұтылуы Айды қызыл түске бояйды.
Күн тұтылған кезде ол баяу жарты айдың көлеміндей кішірейеді. Оның жарығы «өшіріледі». Еуропалық Оңтүстік обсерваториясының қызметкері Хуан Карлос Муньос-Матеос: «Бұл өте бұлтты күн сияқты болады», - деп түсіндірді.
Бұл құбылысты көру үшін күннен қорғайтын көзілдірік кию керек. Аталған әдемі көріністі бақылағысы келетіндер қарапайым қолда бар материалдан саңылаулары бар проектор жасай алады немесе дуршлагты пайдалана алады.
Қыркүйек айында тағы бір толық ай мен күннің жартылай тұтылуын көруге болады.