"Есінен адасты": Трамп Масктың партия құру туралы шешімін сынға алды

0
231

Ақ үй басшысы желіде бұрынғы одақтасына жазба арнады.


ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Масктың жаңа партия құру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.




"Илон Масктың есінен адасқанын көру көңілімді құлазытты. Ол тіпті жаңа саяси партия құрғысы келеді екен. Алайда АҚШ-та үшінші партиялар ешқашан табысқа жеткен емес. Біздің жүйе ондайға арналмаған тәрізді", – деді Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Маск пен Трамптың араздығына салық пен мемлекеттік шығындар туралы заң себеп болды. Қос тарап бұл құжатқа қатысты ортақ түсінікке келе алмады.