Аталған ұйым мен одаққа мүше 27 елдің атынан шағым түскен.
ERNUR.KZ. AstraZeneca вакцинасы Еуропаға уақытылы жеткізілмеуіне байланысты Еуропалық комиссия британ-швед компаниясының үстінен сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Хабар24.
Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында AstraZeneca Еуроодақ елдеріне тапсыруы тиіс болған 120 миллион вакцина дозасының тек 40 миллионын ғана жеткізген. Соның салдарынан бірнеше ел ұлттық вакциналау науқанына өзгеріс енгізуге мәжбүр болыпты. Шағым аталған ұйым мен одаққа мүше 27 елдің атынан түскен.
Айта кетейік, кәрі құрлық елдері былтыр тамызда AstraZeneca-ға препараттың 400 миллион данасына алдын ала тапсырыс берген болатын.