Оқушылары жаппай уланған мектептің төрт қызметкерінен стафилококк бактериясы анықталды

0
93

Интернатта, оқу корпусында және асханада қорытынды дезинфекция жүргізілді.


Оқушылары жаппай уланған мектептің төрт қызметкерінен стафилококк бактериясы анықталды

фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

ERNUR.KZ. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде 4 қызметкерден Staphylococcus aureus бактериясы анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Оқушылардың жаппай улануы фактісі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
"Зертханалық зерттеулер нәтижесінде жекелеген тағам сынамаларынан микробтық ластану анықталды, сондай-ақ дезинфекциялау талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Ас блогының төрт қызметкерінен Staphylococcus aureus бактериясы анықталды. Олар уақытша жұмыстан шеттетілді", - дейді департамент.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама толтырылды. "MasterFood" ЖШС асханасы мен РФММ мектеп-интернатының қызметі 60 тәулік мерзімге тоқтатылды.
"Қазіргі уақытта инфекция ошағы оқшауланды. Ауруханаға жатқызылған 58 науқастың барлығы қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды. Медициналық бақылауда болған 961 адамнан ауру анықталған жоқ. Интернатта, оқу корпусында және асханада қорытынды дезинфекция жүргізілді", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Еске сала кетейік, 14 қазанда аталған мектепте 58 оқушы уланып, ауруханаға түсті. Араға бір апта салып оқушылар ауруханадан шықты.