Беларусь арқылы Ресейге люкс көліктерінің импортын тоқтатуға бағытталған.
ERNUR.KZ. Еуроодақ Ресей Федерациясына батыстан жеткізілетін тауарлар мен сәнді бұйымдардың импортын шектеу үшін Беларуське қарсы санкцияларды күшейтуге дайындалып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Санкциялар әскери мақсатта қолданылатын технологиялар мен тауарларды, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ экспортына тыйым салады, ал гауһар тастардың импорты тоқтатылады, деп хабарлады Financial Times құжат жобасына сілтеме жасап.
"Жаңа санкциялар әскери мақсатта пайдалануға болатын технологиялар мен тауарларды, сондай-ақ сұйытылған табиғи газды Беларуське экспорттауға тыйым салады", - деп жазды басылым.
Сонымен қатар, жаңа санкциялар Беларусь арқылы Ресейге люкс көліктерінің импортын тоқтатуға бағытталған. Жаңа санкциялар пакеті жобасының мәтінінде Еуроодаққа мүше елдер талқылап жатқан жаңа шектеулер "айналып өту қаупін барынша азайтуға" бағытталғаны айтылған.