Еуроодақ Украинаға 140 миллион еуро бөледі

0
136


Еуроодақ Украинаға 140 миллион еуро бөледі

фото:Алексей Витвицкий

ERNUR.KZ. Еуропалық Одақ Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін 140 миллион еуро көлемінде пакет бөледі, делінген Еурокомиссия мәлімдемесінде, деп жазады sputnik.kz.
"Қаржы азық-түлік, баспана, ауыз су, денсаулық сақтау және суықтан қорғауды қоса алғанда, шұғыл көмекке бағытталады. Украинаның қатты зардап шеккен аймақтарындағы осал топтарға қолдау көрсету негізгі басымдықтар болады", - делінген құжатта.
Тағы сегіз миллион еуро Молдоваға украин босқындарды қабылдау шығындарын жабу үшін бөлінеді.
Еурокомиссияның Украинаға гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі қазірдің өзінде бір миллиард еуродан асады.
Еске салайық, бұған дейін күзде Еуропалық парламент Страсбургте өткен пленарлық отырыста Киевке Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін кірістің есебінен 35 миллиард еуро көлемінде несие беру туралы Еуропалық комиссия ұсынған механизмді қолдап дауыс берді. Бұл ұсынысты 635 депутаттың 518-і қолдап, 56-сы қарсы болса, 61 депутат қалыс қалды. Бұл 35 миллиард еуро "Үлкен жетілік" елдерінен Украинаға 50 миллиард АҚШ доллары (шамамен 45 миллиард еуро) көлеміндегі бұрын келісілген несиенің басым бөлігін құрайды.