Еуропада Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталғаны туралы мәлімдеме жасалды

0
61


Еуропада Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталғаны туралы мәлімдеме жасалды

ЖИ

ERNUR.KZ. Сербия президенті Александр Вучич ресурстар үшін күреске байланысты Үшінші дүниежүзілік соғыс іс жүзінде басталып кеткен болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оның пікірінше, қазіргі жағдай Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың басталу алдындағы кезеңіне ұқсайды. Ол кезде де қақтығыстар әуелі аймақтық деңгейде өрбіп, кейін ірі мемлекеттер одақтарының арасындағы ауқымды соғысқа ұласқан. Вучичтің айтуынша, ірі державалардың мүдделері тым ауқымды болғандықтан, шиеленістің ушығуын тоқтату қиын.

" Мүмкін, Үшінші дүниежүзілік соғыс әлдеқашан басталып кеткен шығар, біз оны әзірше ресми түрде жарияламай отырмыз. Қазір мұнай, газ, пайдалы қазбалар, сирек металдар және басқа да шикізат үшін күрес жүріп жатыр. Ірі державалардың мүдделері тым әртүрлі әрі ауқымды, сондықтан ешбір тарап жай ғана шегіне алмайды. Осындай жағдайлар, әдетте, шиеленістің ушығуына әкеледі ", – деді ол.