Еуропалық комиссия Украинаға шамамен 6 млрд еуро бөледі

0
110

ЕО Украинаға жыл соңына дейін шамамен 18 миллиард еуро несие беруге міндеттенген болатын.


Еуропалық комиссия Украинаға шамамен 6 млрд еуро бөледі

фото: Sputnik / Алексей Витвицкий

ERNUR.KZ. Еуропалық комиссия Киевке Ресей активтерінен түсетін кірістерден және Украинаға арналған ЕО қорынан 6 миллиард еуро аударады. Бұл туралы Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Еуропарламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгін біз ERA несиесінен және арнайы Украина қорынан шамамен 6 миллиард еуро бөлеміз", - деді ол.
Жалпы алғанда, ЕО бұған дейін G7 келіскен 45 миллиард еуро көлеміндегі несие аясында Украинаға жыл соңына дейін шамамен 18 миллиард еуро несие беруге міндеттенген болатын. Бұл Ресей активтерінен түсетін кірістерден өтелетін болады.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.