"Раи" тайфун 16 желтоқсанда ойран салды. Оның жылдамдығы 54 м/с жеткен.
ERNUR.KZ. Филиппинде "Раи" деп аталатын сұрапыл дауыл салдарынан қаза тапқандардың саны 326-ға жетті, деп жазады inbusiness.kz.
Тайфун кезінде 661 адам түрлі деңгейде жарақат алып, тағы 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті. "Раи" тайфун 16 желтоқсанда ойран салды. Оның жылдамдығы 54 м/с жеткен.
Елдегі ресми өкілдердің айтуынша, тайфун өтетін жолда он мыңға жуық елді мекен бар. Апатты жағдайға байланысты барлық дерлік әуе рейстері, теңіз қатынасы тоқтатылды.