Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралында тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 5,6 балл болды.
ERNUR.KZ. Филиппиннің оңтүстігінде жер сілкінді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп жазады baq.kz.
Сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралында тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 5,6 балл болды.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:42-де, Киамба қаласынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 51 шақырым жерде тіркелген. Қала халқы 10 мыңнан асады. Зілзаланың ошағы 31 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қиратулар туралы нақты ақпарат жоқ.